1.5 Жылу және электр энергиясын өндіру мен пайдалану
Жылу энергетикалық ресурстарды үнемді және тиімді пайдалану, жаңа технологиялық құрылымдарды құру мен жетілдіру, ғылыми-техникалық прогрестің маңызды мәселесі болып табылады. Энергетикалық қуаттың және өндіріс көлемінің өсуімен энергия тұтыну одан әрі ұлғаю үстінде және қолданыстағы жылуалмастырғыштардың сыртқы тұрпаты отынды, материалдарды және еңбек шығындарын айтарлықтай үнемдеуді қамтамасыз етеді. Жылуалмастырғыштар атом электр станцияларында газды құбырлы қондырғыларында, химия өндірісінің технологиялық құралдарында, ауа су суыту жүйесінде, тоңазытқыш және көліктік қондырғыларда т.б. жүйелерде қолданылады. Жоғарыда аталған мәселелерді шешуде жылуалмастырғыш құралдардың негізгі элементтері болып табылатын арналарда, құбырларда жылуалмастырғыш үрдістерінің тиімді әдістерін енгізу маңызды болып табылады. Жылуалмастырғыштарда өтетін үрдістердің пәрменділігін арттыру нәтижесінде берілген жылу ағысы, гидравликалық шығындар, жылутасымалдағыштардың шығындары мен температурасын, сонымен қатар жылу қондырғыларының салмағы мен өлшемін айтарлықтай азайтуға болады [5].
Электр станция – ол бірнеше қондырғылар, құралдар мен жабдықтардан тұратын, электр энергиясын өндіруге арналған орын.
Электр энергиясы электр станциясында түрлі энергияны түрлендіру арқылы алады. Энергия көзі ретінде ағып жатқан су, отын, атом мен жаңадан игеріліп жатқан балама энергия (жел, ағыс, күн және т. б.) пайдаланылады. Бүгінгі күні гидравликалық жылу және атом электр станциялары ең жиі таралған. Жылу электр станциялары (ЖЭС) отынның (көмір не газ) химиялық энергиясын электр энергиясына және жылуға айналдырады (1.2 сурет) [6, 7].
Атом электр станциясы (АЭС) химиялық элементтердің атомдары бөлінгенде шығатын энергияны түрлендіреді [8].
Конденсациялық электр станциясы (КЭС) деп бу турбинасы орнатылған және ол конденсациялық цикл бойынша жұмыс істейтін жылу электр станциясын атайды.

1.2 - сурет. Жылу электр станциясы
Жылу электр станциясында бу турбиналарында электр энергия мен жылуды бірге өндірсе, онда ол жылу электр орталығы (ЖЭО) деп аталады.
ЖЭС пен КЭС айырмашылығы: ЖЭС - да бу шығарғыш бар және өндірістік жылу арнайы су қыздырғыш арқылы жіберіледі. Жүйедегі суды қыздыратын қыздырғышқа турбинадан бөлінген булар жіберіледі.